Сұрақ Жауап
Ток қуаты болмай
қалғанда не болады?
Нәресте рациясын батареясыз қолданатын болсаңыз, электр қуаты
ажыратылған жағдайда ата-ана мен нәресте рациялары арасындағы
байланыс үзіледі. Нәресте рациясында батарея болып, ал ата-ана
рациясының аккумуляторлық батареясы отырып қалған жағдайда да
байланыс үзіледі. Нәресте рациясында батарея болып, ата-ана
рациясының аккумуляторлық батареясы зарядталған жағдайда
байланыс үзілмейді.
Ата-ана
рациясындағы
аккумуляторлық
батарея неліктен
зарядталмайды?
Қайта зарядталатын аккумуляторлық батареясының жұмыс атқару
мерзімі бітті. Ата-ана рациясының аккумуляторлық батареясын
ауыстырыңыз.
Ата-ана рациясының
жұмыс жасау уақыты
10 сағат болуы тиіс.
Менің ата-ана
рациямның жұмыс
жасау уақыты
неліктен одан аз?
Ата-ана рациясының аккумуляторлық батареясы алғаш зарядталған
жағдайда, оның жұмыс атқару уақыты 10 сағаттан аз болады.
Аккумуляторлық батареялар үш рет отырып, қайта зарядталған
жағдайда ғана жұмыс жасау қабілетінің толық мүмкіндігіне жетеді.
Ата-аналар бөлігіндегі дауыс деңгейі тым жоғары деңгейге қойылған
болар, сондықтан ата-аналар бөлігі көп қуат жұмсап жатыр. Ата-
аналар бөлігіндегі дауыс деңгейін төменірек қойыңыз
Нәресте рациясындағы микрофон сезімталдығы тым жоғары
деңгейге орнатылып, қуаттың көп жұмсалуына апарады. Нәресте
рациясындағы микрофон сезімталдығын төменірек деңгейге
орнатыңыз.
Аккумуляторлық
батарея толық
зарядталған
жағдайдың өзінде
ата-ана рациясының
зарядтау
құралындағы
зарядтау жарығы
неліктен тұрақты
жыпылықтайды?
Ата-ана рациясы зарядтау құралына енгізілгенде зарядтау жарығы
әрдайым қызыл болып жанады. Батарея толығымен зарядталған
кезде ол бірте-бірте сөне бастайды, алайда электр қуаты желісіне
қосылғандығын көрсету үшін қосулы болып қалады.
Ата-ана рациясын
зарядтау
құрылғысына қойған
бойдан-ақ неліктен
оны қоса алмаймын?
Аккумуляторлық батарея толығымен отырған болуы керек. Ата-ана
рациясын кемінде 30 минут зарядтап, қосыңыз. Қосқаннан кейін
толығымен зарядталуы үшін ата-ана рациясын зарядтау құралында
қалдырыңыз. Ата-ана рациясы қосулы болған кезде зарядтау процесі
ұзағырақ созылады.
77