Philips SCD481 Baby Monitor User Manual


 

1 1- Белдік қыстырмасын оң жаққа бұраңыз. 2 - Оны алып тастаңыз (Cурет 22).

Нәресте рациясын, ата-ана рациясын және ата-ана рациясының зарядтау құралын суға
батырмаңыз және оларды сумен жумаңыз.
Тазалағыш спрей немесе сұйықтықтарды қолданбаңыз.
1 Нәресте мен ата-ана рациялары электр қуаты желісіне қосулы болса, оларды
ажыратыңыз.
2 Нәресте рациясын, ата-ана рациясын және ата-ана рациясының зарядтау құралын
дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Электр қуаты желісіне жалғаудан бұрын нәресте рациясының және ата-ана рациясының
зарядтау құралының құрғақ екенін тексеріңіз. Ата-ана рациясын зарядтау құралына
енгізбестен бұрын оның құрғақ екенін тексеріңіз.
3 Адаптерды құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

Нәрестені бақылау құралын біраз уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, нәресте рациясынан қайта
зарядталмайтын батареяларды алып тастаңыз және ата-ана рациясынан аккумуляторлық
батареяны шығарыңыз.
Нәресте рациясын, ата-ана рациясын, зарядтау құралын және бейімдеуіштерді салқын және
құрғақ жерде сақтаңыз.



Нәресте рациясындағы батареяларын тек қайта зарядталмайтын төрт 1.5V R6 AA
батареяларымен алмастырыңыз.
Ескертпе: Біз сізге тек Philips қайта зарядталмайтын батареяларын ғана қолданыңыз деп
қатаң кеңес береміз.

Нәресте бөлігінің адаптерін түпнұсқа түріндегі адаптермен ғана алмастырыңыз. Жаңа
адаптерді делдалдан немесе Philips қызмет көрсету орталығынан тапсырыс беру арқылы
алуыңызға болады.
SBC CS0920/00W (Тек ЕО/СГП елдеріне арналған)
SBC CS0920/05W (Тек ҰБ еліне арналған)
9V200 (тек AU/NZ)


Ата-ана рациясының зарядтау құралын тек ұқсас түрімен алмастырыңыз.

Ата-ана рациясының қайта зарядталатын аккумуляторлық батареяны тек ұқсас түрімен
алмастырыңыз.
-
-
-
 73