Philips SCD481 Baby Monitor User Manual


 

Ата-ана рациясы нәресте бөлмесіндегі дыбыс деңгейін тұрақты бақылап отырады және дыбыс
деңгейінің жарығы жанып, кез келген әрекет туралы белгі береді. Нәресте жылаған жағдайда,
ата-ана рациясындағы дыбыс деңгейінің жарығы жанады.
Нәресте бөлігі дыбыс ұстамаса, ата аналар бөлігіндегі дауыс деңгей жарықтары сөніп
тұрады.
Нәресте рациясы кез келген дыбысты ұстап алған кезде, ата-ана рациясындағы дыбыс
деңгейі жарықтарының біреуі немесе бірнешеуі жанады. Жанатын жарықтардың саны
нәресте рациясы тарапынан ұсталынатын дыбыстың қаттылығына байланысты болады.
Ата-ана рациясының дыбысы төменгі деңгейге орнатылған кезде де дауыс деңгейінің
жарықтары жұмыс атқарады.

Нәресте рациясында баланың қайтадан ұйықтауына көмектесетін түнгі жарық бар.
1 Нәресте рациясындағы түнгі жарықты басып, оны қосыңыз немесе сөндіріңіз (Cурет 19).

Екі рацияның бөлімдеріндегі арна таңдаушылар бір арнаға орнатылғандығын әрдайым тексеріп
отырыңыз. Осы арна таңдаушыларымен он алты түрлі арна бағдарламаларын таңдауға болады.
Басқа нәрестені бақылау құралдары, радиоқабылдағыштары, теледидарлар, т.б. сол арнаны
пайдаланып, кедергі жасайтын болса, басқа арна таңдаңыз.
1 Екі рацияның да қақпақтарын алып тастаңыз.
Нәресте бөлігі: (Cурет 3)
1- Тиын немесе бұрауышты бекітетін тұтқаның ойығына кіргізіңіз. 2- Бекітетін тұтқаны
сағат жүрісіне қарсы бұраңыз. Қақпағын ашыңыз.
Бөлімнің ішінде батареялар болса, алып тастаңыз.
Ата-аналар бөлігі: (Cурет 5)
Батареялар қақпағын төмен қарай сырғытып ашыңыз.
Аккумуляторлық батареяны орнынан шығарыңыз.
2 Әр рацияның арна таңдаушысын қажетті позицияға бұрау үшін кішкене жалпақ
бұрауыш қолданыңыз. Екі рацияның бір арнаға орнатылғандығын тексеріңіз (Cурет 20).
3 Байланысты тексеріңіз
Байланысты тексерген уақытта кедергіге тап болмаған жағдайда, аккумуляторлық батарея мен
қайта зарядталмайтын батареяларды орындарына салып, қақпақтарын жабыңыз.
Кедергіге тап болған жағдайда, рациялардағы таңдаушыларды басқа арнаға орнатып,
байланысты қайтадан тексеріңіз.


Ата-ана рациясының аккумуляторлық батареясы жеткілікті түрде зарядталған болса, рацияны
өзіңізбен бірге үй ішінде және сыртында белдігіңізге немесе беліңізге белдік қыстырмасымен
қыстырып алуыңызға болады. Осылайша басқа жақта жүріп, нәрестеңізді қадағалауға мүмкіндік
аласыз.

1 1- Белдік қыстырмасының артындағы кішкене түймені ата-ана рациясының артындағы
тесікке енгізіңіз. 2- Белдік қыстырмасын солға бұраңыз, ол «сырт» етіп
бекітіледі (Cурет 21).
-
-
-
,
-
-
,
-
-
72