Philips SCD481 Baby Monitor User Manual


 


Нәресте рациясын электр қуаты көзіне қосып немесе қайта зарядталмайтын батарея
көмегімен қолдануға болады. Рацияны электр қуаты көзі арқылы қолданған жағдайдың өзінде
қайта зарядталмайтын батареяларды салып қоюыңыз дұрыс болады. Электр қуаты өшірілген
жағдайда, құрал автоматты түрде батареядан жұмыс жасайды.

1 Кішкене айырды нәресте рациясына қосып, бейімдеуішті розеткаға қосыңыз (Cурет 2).
Қосылды деген жарық жанады.

Нәресте бөлігі төрт 1,5-вольтті R6 AA батареяларымен (жинақта берілмейді) жұмыс істейді.
Біз сізге міндетті түрде тек Philips LR6 PowerLife батареяларын қолдануға кеңес береміз.
Қайта зарядталатын батареяларды қолданбаңыз, себебі нәресте бөлігінде қайта зарядтау
функциясы жоқ.
Нәресте бөлігін ток көзінен ажыратып, қайта зарядталмайтын батареяларды салар алдында
қолдарыңыз бен құрылғының құрғақ екендігін тексеріңіз.
1 1- Тиын немесе бұрауышты бекітетін тұтқаның ойығына кіргізіңіз. 2- Бекітетін тұтқаны
сағат жүрісіне қарсы бұраңыз. Қақпағын ашыңыз (Cурет 3).
2 Қайта зарядталмайтын батареялардың төртеуін салыңыз (Cурет 4).
Ескертпе: Батарелардың + және – жақтары керекті бағытта екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
3 Қақпағын қайта орнына қойып, тиын немесе бұрауыш көмегімен бекітетін тұтқаны сағат
жүрісімен бұраңыз.
Ескертпе: Батареялардың заряды таусыла бастағанда, нәресте рациясындағы қуат жарығы
қызыл болып жыпылықтайды.

Ата-ана рациясы қайта зарядталатын аккумуляторлық батарея көмегімен жұмыс істейді (бірге
жабдықталады).
Ата-ана рациясын алғашқы пайдаланудан бұрын немесе қуат жарығы батарея заряды аз екенін
білдіріп, қызыл болып жыпылықтаған жағдайда зарядтаңыз.
1 Қайта зарядталатын батареяға арналған бөлімнің қақпағын астыға қарай сырғытып, алып
тастаңыз (Cурет 5).
2 1- Қайта зарядталатын аккумуляторлық батареяның штепсельдік айырын бөлімнің
ішіндегі розеткаға жалғаңыз. 2- Одан кейін қайта зарядталатын аккумуляторлық
батареяны бөлімнің ішіне салыңыз (Cурет 6).
Қайта зарядталатын батареяларды салған кезде қолдарыңыздың және рацияның құрғақ
екенін тексеріңіз.
3 Қақпақты ата-ана рациясына қайтадан орнатыңыз.
4 1- Ата-ана рациясын зарядтау құралына орналастырыңыз. 2- Кішкентай айырды зарядтау
құралына, ал бейімдеуішті розеткаға жалғаңыз (Cурет 7).
Зарядталып жатқанда, зарядталып жатыр дегенді білдіретін қызыл жарық тоқтаусыз
жанып тұрады.
5 Батареясы толық зарядталғанша ата-ана рациясы электр қуаты желісіне қосылып тұруы
тиіс.
,
,
 69