Philips SCD481 Baby Monitor User Manual


 

Ата-ана рациясының зарядтау құралындағы бейімдеуішін тек түпнұсқалы түрімен
алмастырыңыз. Жаңа бейімдеуішті сатушыңыздан немесе Philips қызмет орталығынан тапсырыс
арқылы алуыңызға болады.
SBC CS0920/00W (Тек ЕО/СГП елдеріне арналған)
SBC CS0920/05W (Тек ҰБ еліне арналған)
9V200 (тек AU/NZ)

Құрылғыны өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құрылғыны арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу
мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған ортаны қорғауға себіңізді тигізесіз (Cурет 23).
Қайта зарядталмайтын батареялар және аккумуляторлық батареялардың құрамында
қоршаған ортаға зақым тигізетін заттар бар. Қайта зарядталмайтын батареялар және
аккумуляторлық батареяларды әдеттегі үй қоқыстарымен бірге тастамаңыз, оларды арнайы
жинап алатын орындарға өткізіңіз. Құралды жинайтын ресми орынға тастамастан немесе
өткізбестен бұрын қайта зарядталмайтын батареялар және аккумуляторлық батареяларды
шығарып алыңыз (Cурет 24).

Егер көмек не ақпарат алғыңыз келсе немесе сізде шешілмеген мәселе болса, www.philips.

мекенжайы бойынша Philips AVENT веб-сайтына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips
тұтынушылар орталығына телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді дүние жүзі бойынша берілетін
кепілдік кітапшасынан алуға болады). Еліңізде тұтынушылар орталығы болмаса, жергілікті Philips
дилеріне хабарласыңыз.

Бұл тармақта құрал туралы жиі қойылатын сұрақтар тізімі берілген. Егер сіз өз сұрағыңызға
жауапты таппасаңыз, еліңіздегі Тұтынушылар Қызмет Орталығымен байланысыңыз.
Сұрақ Жауап
Қуат жарығы неге
сөндірулі?
Кішкентай айыр нәресте рациясындағы розеткаға немесе ата-ана
рациясының зарядтау құралына дұрыс жалғанбаған болуы мүмкін
немесе бейімдеуіш розеткаға жалғанбаған немесе дұрыстап
жалғанбаған болуы мүмкін.
Сондай-ақ, сіз құрылғыларды қосуды ұмытып кеткен боларсыз.
Нәресте бөлігіндегі қосу/өшіру түймесін басып, құрылғыларды қосу
үшін ата-аналар бөлігіндегі дыбыс деңгейі тұтқасын бұраңыз.
Нәресте рациясының қайта зарядталмайтын батареялары немесе
ата-ана рациясының аккумуляторлық батареясы отырайын деп тұр.
Бұндай жағдайда, нәресте рациясының батареяларын ауыстырыңыз
немесе ата-ана рациясының аккумуляторлық батареясын зарядтаңыз.
Қуат жарығы
неліктен қызыл
болып жанады?
Нәресте рациясының қайта зарядталмайтын батареялары немесе
ата-ана рациясының аккумуляторлық батареясы отырайын деп тұр.
Бұндай жағдайда, нәресте рациясының батареяларын ауыстырыңыз
немесе ата-ана рациясының аккумуляторлық батареясын зарядтаңыз.
-
-
-
-
-
74