Сұрақ Жауап
Неліктен
байланыс қайта қайта
үзіліп қалады?
Ата-аналар бөлігі жұмыс аумағы шекарасына жақын тұрған болар.
Ата-аналар бөлігін нәресте бөлігіне жақынырақ сигналды жақсы
қабылдайтын жерге қойыңыз. Құрылғылардың біреуін немесе екеуін
қозғалтқанда, байланыс қайта орнатылғанша, шамамен 30 секунд
кететінін ескеріңіз.
Нәресте бөлігі ата-аналар бөлігінің байланыс аймағынан тыс жерде
болуы мүмкін немесе екі бөліктің ортасында тым көп қабырғалар
және/немесе үй төбелері бар болар. Бөліктерді басқа жерлерге
барып тексеріңіз немесе ара қашықтықты азайтыңыз.
Неліктен ата аналар
бөлігінде кедергілер
пайда болады?
Ата-аналар бөлігі нәресте бөлігі ауқымынан тыс болғанда, кедергі
орын алуы мүмкін. Сондай-ақ, ата-аналар бөлігі терезеге тым жақын
болып, сол терезеден кедергі келтіретін сигналдарды қабылдауы
мүмкін. Ата-аналар бөлігін терезеден алысырақ қойыңыз.
Ата-аналар бөлігі мен нәресте бөлігінің арасында көп қабырға
немесе үй төбесі болған жағдайда да кедергі орын алады. Ата-
аналар бөлігін басқа жерге, нәресте бөлігіне жақынырақ қойыңыз.
Сондай-ақ, құрылғылардың ұялы немесе сымсыз телефондардан,
радиолардан немесе теледидарлардан алыс тұрғанына көз жеткізіңіз.
Неліктен мен шуыл
немесе шиқылдаған
дыбыстар естимін?
Басқа құрылғыдан немесе нәресте мониторынан кедергілер тиіп
жатқан болар. Екі бөлікті де басқа каналға ауыстырыңыз. Екі бөлік те
бір каналда орнатылуы тиіс.
Ата-аналар бөлігі терезеге тым жақын тұрғандықтан, ол басқа
құрылғылардың немесе нәресте мониторыныың сигналын ұстап
тұрған болар. Бөлікті терезеден алшақ жерге қойыңыз.
Нәресте бөлігі ата-аналар бөлігінің байланыс аймағынан тыс жерде
болуы мүмкін немесе екі бөліктің ортасында тым көп қабырғалар
және/немесе үй төбелері бар болар. Бөліктерді басқа жерлерге
барып тексеріңіз немесе ара қашықтықты азайтыңыз.
Нәресте рациясының қайта зарядталмайтын батареялары немесе
ата-ана рациясының аккумуляторлық батареясы отырайын деп тұр.
Бұндай жағдайда, нәресте рациясының батареяларын ауыстырыңыз
немесе ата-ана рациясының аккумуляторлық батареясын зарядтаңыз.
Неліктен нәресте
бақылаушысы басқа
нәресте
бақылаушылардан
сигналдарды
ұстайды?
Сіздің нәресте бақылаушыңыз көршілес нәресте бақылаушының
орнатылған каналында болып тұр. Канал таңдауышпен екі бөліктің
екеуін де басқа каналға орнатыңыз.
Нәрестені бақылау
құралы неліктен
көрсетілген 200 метр
аймағында жұмыс
істемейді?
Көрсетілген 200 метр аймағы ашық жерге ғана жарамды. Үй ішінде
жұмыс аймағы екі құрылғының арасындағы қабырғалардың және/
немесе үй төбелерінің саны мен түріне қарай шектеледі. Аймақты
оңтайландыру үшін құрылғының біреуінің немесе екеуінің орнын
өзгертіңіз.
76