Philips SCD481 Baby Monitor User Manual


 
Құрғақ материалдар Материалдар
қалыңдығы
Байланысты жоғалту
Металды торлар мен кесектер < 1 см/0,4 дюйм 90-100%
Металл немесе алюминий беттері < 1 см/0,4 дюйм 100%
Сулы немесе дымқыл материалдардан байланыс аймағы толығымен жоғалуы мүмкін.


Ата-ана рациясында нәресте мен ата-ана рациялары арасындағы байланыстың күйін көрсететін
«LINK» (байланыс) жарығы бар. Ата-ана рациясын байланыс үзілген жағдайда сигнал
беретіндей етіп реттеуге болады. Байланыс үзілген жағдайда ата-ана рациясы сигнал шығарып,
«LINK» жарығы жанады.

1 Қайта зарядталатын батареяға арналған бөлімнің қақпағын астыға қарай сырғытып, алып
тастаңыз (Cурет 5).
2 1- Қайта зарядталатын аккумуляторлық батареяны орнынан шығарып, 2- штепсельдік
айырды розеткадан суырып алыңыз (Cурет 13).
3 Батареялар бөліміндегі байланыс сигналының қосқышын «on» (қосулы) позициясына
қойыңыз (Cурет 14).
Сигналды өшіру үшін байланыс сигналының қосқышын «off» (өшірулі) позициясына
қойыңыз (Cурет 15).
4 Қақпақты ата-ана рациясына қайтадан орнатыңыз.

Ата-аналар бөлігіндегі микрофон сезімталдығын басқару тұтқасы арқылы нәресте бөлігі
қабылдайтын дыбысты қажетті деңгейге (төмен, орташа немесе жоғары) қоюға болады.
Микрофон сезімталдығы «high» (жоғары) деңгейіне қойылғанда, нәресте бөлігі барлық
дыбысты қабылдайды.
Ескертпе: Нәресте рациясының сезімталдығын тек нәресте мен ата-ана рацияларының
арасында байланыс болғанда өзгертуге болады.
1 Микрофонның сезімталдығын қалаған деңгейге орнатыңыз (Cурет 16).
Дыбыс берілгенде, нәресте бөлігіндегі құрылғыны қосу шамы сары болып
жанады (Cурет 17).
Ескертпе: Дыбыс деңгейін қалау үшін өзіңіздің дауысыңызды қолдансаңыз болады.
Ескертпе: Нәресте рациясындағы микрофон сезімталдығы «high» (жоғары) деңгейге
орнатылған кезде, ол көбірек дыбыстарды тереді, сондықтан жиірек сигнал береді.
Нәтижесінде, рация көп қуат жұмсайды.

Ата-ана рациясындағы дыбыс деңгейін ортамыңызға қарай реттеуге болады.
1 Ата-ана рациясындағы дыбыс реттегішін қалаған деңгейге орнатыңыз (Cурет 18).
Ескертпе: Ата-ана рациясының дыбысы жоғары деңгейге орнатылған жағдайда, рация көп қуат
жұмсайды.
-
,
 71