87
Қазақша
KK
6 Кепілдік және
қызмет көрсету
Қызмет немесе ақпарат қажет болса,
не болмаса қандай да бір мәселе туындаса,
Philips AVENT веб торабына кіріңіз
(www.philips.com/AVENT) немесе
еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз. Philips
тұтынушыларды қолдау орталығының
телефон нөмірін әлем бойынша жарамды
кепілдік қағазынан табуға болады. Еліңізде
Philips тұтынушыларды қолдау орталығы
болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне
жолығыңыз.
Нәрестені қадағалайтын құрал.
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл
Б.В.”, Туссендиепен 4, 9206 АД, Драхтен,
Нидерланды.
Ресей және Кедендік Одақ территориясына
импорттаушы: “Филипс” ЖШҚ, Ресей
Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы, Сергей
Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111.
SCD505: 230 V, 50 Hz., SCD505: NiMh.
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған.
Кепiлдiк бойынша қызмет көрсету жөніндегі
сұрақтарға жауап алу үшін тауарды сатып
алған жерге хабарласыңыз. Өнімнің
жарамдылық мерзімі сатып алған күннен
бастап 2 жыл. Барлық қосымша ақпаратты
8 75 11 65 01 23 телефонына қоңырау шалу
арқылы Ақпарат орталығынан алуға болады
(стационарлық телефон арқылы Қазақстан
Республикасы аумағына қоңырау шалу тегін).
По вопросам гарантийного обслуживания
обратитесь по месту приобретения товара.
Срок службы изделия 1 год с даты продажи.
Всю дополнительную информацию можно
получить в Информационном центре по
телефону 8 75 11 65 0123 (бесплатный звонок
на территории РК со стационарных телефонов).
7 Жиі қойылатын
сұрақтар
Ата-ана модуліндегі түймесін басқанда,
байланыс көрсеткіші неге жанбайды?
• Ата-ана модулін розеткаға қосыңыз.
• Ата-ана модулінің параметрлерін
бастапқы қалпына келтіріңіз.
Нәресте модуліндегі
түймесін басқанда,
қосу көрсеткіші неге жанбайды?
• Нәресте модуліндегі батареяларды
ауыстырыңыз немесе оны розеткаға
қосыңыз.
• Нәресте модулінің параметрлерін
бастапқы қалпына келтіріңіз.
Ата-ана модулін зарядтағанда, ондағы
көрсеткіші неге жанбайды?
• Батарея көрсеткіші жанғанша бірнеше
минут өтеді. Әсіресе ата-ана модулін
алғаш рет немесе ұзақ уақыт бойы
қолданбағаннан кейін зарядтағанда
осылай болады.
Нәресте мониторы жасырын тыңдаудан
және кедергілерден қорғалған ба?
• Бұл нәресте мониторының DECT
технологиясы басқа құралдардың
кедергі келтіруінен және жасырын
тыңдаудан қорғайды.
Неліктен ата-ана модулінен дыбыстық
сигнал беріледі?
• Ата-ана модулінен дыбыстық сигнал
байланыс көрсеткіші қызыл түспен
жыпылықтап тұрғанда берілсе, оны
нәресте модуліне жақындатыңыз. Бұл
екі модуль арасындағы байланысты
қайта орнату үшін қажет.
• Ата-ана модулінен дыбыстық сигнал
беріліп, батарея көрсеткіші қызыл
түспен жыпылықтап тұрса, ата-ана
модулін зарядтау керек.
• Нәресте модулі өшіп тұрса, оны
қосыңыз.