Philips SCD505 Baby Monitor User Manual


 
85
Қазақша
KK
Кеңес
Нәресте модулінің аясынан шыққанда, ата-ана модулі
анда-санда дыбыстық сигналдар беріп отырады. Ата-
ана модуліндегі байланыс көрсеткіші қызыл түспен
жыпылықтайды.
Батарея көрсеткіші қызыл түспен жыпылықтап,
батареяның отыруына 30 минут қалғанда, дыбыстық
сигнал беріледі.
Жұмыс диапазоны
Қалыпты режимде:
Сыртта: 330 метрге дейін
Үйде: 50 метрге дейін
ECO режимінде:
Сыртта: 260 метрге дейін
Жұмыс диапазоны айналадағы
кедергілерге және басқа факторларға
байланысты болады. Сулы және дымқыл
материалдардан болатын кедергіден
диапазон 100%-ға дейін кемиді. Құрғақ
заттардан болатын кедергілерді
төмендегі кестеден қараңыз.
Құрғақ материалдар Мате
риал дың
қалың
дығы
Диап
азон
ның
кемуі
Ағаш, гипс, картон,
шыны (құрамында
темір немесе ток
сымдары жоқ)
< 30 см 0-10%
Кірпіш, желімделген
фанера
< 30 см 5-35%
Темір бетон < 30 см 30-100%
Темір тор немесе
пластина
< 1 см 90-100%
Металл немесе
алюминий беттері
< 1 см 100%
Микрофонның
сезімталдығын өзгерту
Нәресте модулі микрофонының
сезімталдығын өзгертуге болады. Бес деңгейі
бар. 1-4 деңгейлерде, қоршаған орта дыбысы
төмен бола берсе, нәресте модулі ұйқы
режиміне өтуі мүмкін, оны тек қатты дыбыс
іске қоса алады. 5-деңгейде, нәресте модулі
тұрақты бақылау режимінде болып, ұйқы
режиміне өтпейді.
1 Дыбыс сезу деңгейін бөлмедегі шуға
сәйкес реттеу үшін, ата-ана модуліндегі
сезімталдық түймесін қайта-қайта
басыңыз.
» Дыбыс деңгейінің жарығы
қысқа уақытқа жанып, нәресте
модуліндегі орнатылған сезімталдық
параметрлерін көрсетеді. Тек бір
шам жанып тұрса, ең төменгі дыбыс
сезу деңгейі таңдалған. Бес шам
жанып тұрса, ең жоғарғы дыбыс сезу
деңгейі таңдалған.
ECO режимі
Балаңызды жақын жерден бақылағанда,
ECO режимін қосып қоюға болады. ECO
режимінде нәресте мониторы азырақ қуат
жұмсаса да, балаңызды бөтен дыбыстарсыз
анық есту мүмкіндігін береді. ECO
режиміндегі жұмыс диапазонын «Жұмыс
диапазоны» бөлімінен қараңыз.
Ескертпе
Ата-ана модулі мен нәресте модулі арасында
байланыс орнатылғанын тексеріңіз.
1 ECO режимін қосу үшін, ата-ана
модуліндегі
пернесін екі секунд бойы
басып тұрыңыз.