84 KK
5 Нәресте
мониторын
пайдалану
Ата-ана модулін нәресте модулімен
байланыстырыңыз:
1 Нәресте модуліндегі түймесін екі
секунд бойы басып тұрыңыз.
» Нәресте модулі қосылып, ондағы
барлық көрсеткіштер қысқа уақытқа
жанып, сөнеді.
2 Ата-ана модуліндегі түймесін екі
секунд бойы басып тұрыңыз.
» Ата-ана модулі қосылып, ондағы
барлық көрсеткіштер жанып, аз
уақыттан кейін қайта сөнеді.
» байланыс көрсеткіші қызыл түспен
жыпылықтап, ата-ана модулі нәресте
модулін іздей бастайды.
» Байланыс орнатылғанда, байланыс
көрсеткіші жасыл болып жанады.
» Байланыс орнатылмаса, байланыс
көрсеткіші қызыл болып жанады.
Ата-ана модулі анда-санда дыбыстық
сигнал беріп отырады.
Кеңес
•
Ата-ана модулімен нәресте модулі арасындағы
байланыс 15 секундтан аз уақытта орнатылады.
Нәресте мониторын орналастыру
Ескертпе
•
Бақылау өнімділігі оңтайлы болу үшін, нәресте
модулін баладан 1-2 метр (3,5-7 фут) қашықтықта
ұстаңыз.
• Нәресте модулін желдеткіш, теледидар немесе
радио сияқты шу шығаратын нәрселерден немесе
терезеден аулақ орналастырыңыз.
• Нәресте модулі әрдайым нәрестеге қаратылуы керек.
1 Нәресте модулі мен ток сымы
балаңыздан кемінде 1 метр қашықтықта
орналасуы керек.
2 Жаңғырық болмауы үшін, ата-ана модулі
мен нәресте модулінің арақашықтығы
кемінде 1,5 метр болуы керек.
3 Ата-ана модулін нәресте мониторының
қызмет ету аясында пайдаланыңыз.
Дыбыс жақсы естілуі үшін, ата-ана
модулін өзіңізге жақын жерге қойыңыз.