Ешқандай сүт шықпаса, саууды 5 минуттан артық жалғастырмаңыз. Күні бойы басқа уақытта
сауып көріңіз. Егер процес қолайсыз немесе ауру тудырса, сүтті сору құралын пайдалануды
тоқтатып, емізу бойынша кеңесшімен ақылдасыңыз.
7 Орташа жағдайда, емшек сүтінің 60-125 мл (2-4 унция) мөлшерін сауу үшін 10 минут
бойы сору қажет. Дегенмен, бұл жай ғана көрсеткіш және әйелден-әйелге өзгеріп
отырады.
8 Сауып болған кезде, сүтті сору құралын емшектен алып, бөтелкені немесе емшек сүті
контейнерін сүтті сору құралының корпусынан емізу/сақтау үшін абайлап босатып
алыңыз. Сүтті сору құралының басқа пайдаланылған бөліктерін «Тазалау және
зарарсыздандыру» тарауындағы нұсқауларға сай тазалаңыз.
Ескертпе Әр сеансты 125 мл мөлшерінен артық саусаңыз, толып кетуді және шашылуды
болдырмау үшін, 260 мл/9 унция Philips AVENT бөтелкесін немесе 240 мл/8 унция Philips AVENT
сақтау шыны аяғын пайдалануыңызға болады.
Тек зарарсыздандырылған сүтті сору құралымен жиналған емшек сүтін сақтаңыз.
Емшек сүтін тоңазытқышта (есігінде емес) 48 сағат бойы сақтауға болады. Сауылған сүт бірден
салқындатылуы тиіс. Күні бойы қосу үшін тоңазытқышта сүтті сақтасаңыз, тек
зарарсыздандырылған бөтелкеге немесе емшек сүті контейнеріне сауылған сүтті ғана қосыңыз.
Емшек сүтін мұздатқышта үш айға дейін сақтауға болады, ол үшін зарарсыздандырылған бұранда
сақинасымен және бекіту дискісімен бекітілген зарарсыздандырылған бөтелкелерде немесе
зарарсыздандырылған қақпағы бар зарарсыздандырылған сақтау шыны аяқтарында сақталуы
тиіс. Бөтелкені немесе сақтау шыны аяғын сауылған күнімен және уақытымен анық белгілеп,
ескілеу емшек сүтін бірінші пайдаланыңыз.
Егер балаңызды сауылған емшек сүтімен 48 сағат ішінде тамақтандыратын болсаңыз, емшек
сүтін құрастырылған Philips AVENT бөтелкесінде немесе сақтау шыны аяғында тоңазытқышта
сақтауға болады:
1 Бөтелкені немесе сақтау шыны аяғын босатып, сүтті сору құралының корпусынан
алыңыз.
2 Зарарсыздандырылған емізік пен бұранда сақинасын бөтелкеге немесе сақтау шыны
аяғына бөтелкемен не сақтау шыны аяғымен берілген бөлек нұсқауларға байланысты
құрастырыңыз.
3 Емізікті сопақ шыны аяқпен жабыңыз.
- Сауылған сүтті әрқашан бірден салқындатыңыз немесе мұздатыңыз.
- Зарарсыздандырылған бөтелкелер мен сақтау шыны аяқтарында зарарсыздандырылған сүтті
сору құралымен жиналған сүтті ғана сақтаңыз.
- Ерітілген емшек сүтін ешқашан қайта мұздатпаңыз.
- Таза емшек сүтіне мұздатылған емшек сүтін ешқашан қоспаңыз.
Philips AVENT бөтелкелерімен және сақтау шыны аяқтарымен балаңызға емшек сүтін бере аласыз:
1 Егер мұздатылған емшек сүтін пайдалансаңыз, оны ысытпастан бұрын толығымен ерітіңіз.
46