Есте сақтаңыз: Егер сіз + және – дауыс түймесін тым ұзақ басып қойсаңыз, онда дауыс деңгейі
орнатылмайды.
Есте сақтаңыз: Егер сіз сөйлеу қызметін қолданып жатқан болсаңыз, онда тек нәресте
бөлігіндегі дауыс деңгейін ғана сәйкес келтірсеңіз болады (төменде қараңыз).
Есте сақтаңыз: Егер дауыс деңгейі жоғары деңгейге орнатылған болса, онда бөліктер көбірек
қуат жұмсайды.
Сіз ата-аналар бөлігіндегі СӨЙЛЕУ түймесін қолданып, нәрестеңізбен сөйлесе аласыз (мысалы
оны жұбату үшін).
1 СӨЙЛЕУ түймесін басып ұстап тұрып, микрофонға анық етіп сөйлеңіз (Cурет 17).
2 Сөйлесіп болғаннан соң СӨЙЛЕУ түймесін жіберіңіз.
Есте сақтаңыз:Сіз СӨЙЛЕУ түймесін басып тұрғанда нәрестеңізді ести алмайсыз.
Сіз нәресте бөлігіндегі микрофон сезімталдығын өзіңізге керекті деңгейге қойып алуыңызға
болады. Сіз микрофон сезімталдығын тек ата-аналар бөлігі мен нәресте бөлігі арасында
байланыс орнатылғаннан соң ғана өзгерте аласыз, мәселен, ата-аналар бөлігіндегі
LINK байланыс жарығы тоқтаусыз жасыл болып жанғанда.
1 Ата-аналар бөлігіндегі СЕЗІМТАЛДЫҚ түймесін бір сәтке басыңыз. (Cурет 18)
Ата-аналар бөлігіндегі дыбыс деңгей жарығы шамамен 2 секундтай жанып, сол
кездегі сезімталдық деңгейін көрсетеді.
2 Ата-аналар бөлігіндегі + және - дыбыс түймесін сәл басып, нәресте бөлігіндегі өзіңізге
керекті микрофон сезімталдығы деңгейін таңдаңыз.
Есте сақтаңыз: Егер сіз СЕЗІМТАЛДЫҚ түймесін және/немесе + және - дыбыс түймесін тым
ұзақ бассаңыз, онда сезімталдық сәйкестендірілмейді.
Бір жарық жанулы = минималды сезіну деңгейі
Барлық жарықтар жанулы = максималды сезіну деңгейі
Есте сақтаңыз: Нәресте бөлігіндегі микрофон сезімталдығы тым жоғары орнатылған кезде, ол
көбірек дыбыстарды теретін болады, демек ол жиірек сол дыбыстарды жеткізеді.
Нәтижесінде, бөлік қуатты көбірек жұмсайды.
1 Ата-аналар бөлігіндегі дыбыс деңгейі түймесін төмен қарай етіп (–) бір сәтке, ата-аналар
бөлігіндегі дыбыс деңгейі толығымен сөнгенше басыңыз. (Cурет 19)
Дауыс деңгейі жарықтары жоқ болғанда, дауыс толығымен сөндірілгенін білдіреді.
Нәресте бөлігі дыбыс ұстамаса, ата аналар бөлігіндегі дауыс деңгей жарықтары сөніп
тұрады (Cурет 20).
Нәресте бөлігі дыбыс ұстаса, ата аналар бөлігіндегі бір немесе одан да көп дауыс
деңгей жарықтары жанады. Дыбыс қаттырық шыққан сайын көбірек жарық жанады.
1 Түнгі жарықты жағу үшін, нәресте бөлігіндегі түнгі жарық түймесін Q сәл ғана
басыңыз. (Cурет 21)
2 Түнгі жарықты сөндіру үшін, түнгі жарық түймесін Q тағы бір рет сәл ғана басыңыз.
Түнгі жарық жәймен түнеріп, толығымен сөнеді.
,
,
,
,
,
,
64