Philips SCD497 Baby Monitor User Manual


 
4 Батарея орнының қақпағын орнына қойып, алақаныңызбен оңға бұрап, жабыңыз (ЖАБУ
ª). (Cурет 5)
Есте сақтаңыз:Батареялары таусыла бастағанда, нәресте бөлігіндегі батарея тексеру
жарығы ( T) қызыл болып жанады.


Ата-аналар бөлігі қосымша қамтамасыз етілген қайта зарядталатын екі 1.2-вольтті AAA NiMh
батареяларынан жұмыс жасайды.
Батареяларды салып жатқанда, қолдарыңыз бен құрал құрғақ болуы тиіс.
1 Батареялар қақпағын төмен қарай сырғытып ашыңыз (Cурет 6).
2 Екі қайта зарядталатын батаеряларды салыңыз (Cурет 7).
Батарелардың + және – жақтары керекті бағытта екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
3 Батареялар қақпағын ата аналар бөлігінің артқы жағына қайтадан өз орнына түсіп
бекітілгенше сырғытыңыз («сырт» ете түседі) (Cурет 8).
4 Кішкене шанышқыны ата-аналар бөлігіне қосып, адапторды қабырғадағы розеткаға
қосыңыз (Cурет 9).
5 Ата-аналар бөлігін толығымен батареялары зарядталғанша тоқта қалдырыңыз.



Әдетте зарядтау 8 сағат алады. Алайда, егер ата-аналар бөлігі зарядталып жатқанда
қосулы болса, онда ол уақыт ұзағырақ болады. Егер сіз зарядтау уақытын мүмкіндігінше
қысқа еткіңіз келсе, онда ата-аналар бөлігін зарядтап жатқанда сөндіріп қойыңыз.
Батареяларды тексеру жарығы батареялары толығымен зарядталғанда сөнеді.
Батареялар толығымен зарядталғанда, ата-аналар бөлігін тоқ сымысыз кем дегенде 24
сағат бойы қолдануға болады.
Есте сақтаңыз: 24 сағаттық қызмет уақыты нәресте бөлігі уақыттың тек 25%-те ғана
дыбыстарды жеткізіп, ал басқа уақытта ол күту режимінде тұрады деген болжауға
негізделген (нәресте ешқандай дыбыс шығармағанда).
Есте сақтаңыз: Ата-аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен зарядталғанда,
олар 24 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді. Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне
тек төрт рет толығымен зарядталып, босатылғанда ғана жетеді.
Есте сақтаңыз: Батареялары таусыла бастағанда, батареяларды тексеру жарығы
қызыл болып жымыңдайды. Құралдың кішкене шанышқысын ата-аналар бөлігіне кіргізіп,
адапторды қабырғадағы розеткаға енгізіп, батареяларды қайта зарядтаңыз.
Есте сақтаңыз: Егер ата-аналар бөлігі зарядтау құрылғысында тұрмаса, онда ата-аналар бөлігі
сөндірулі тұрған жағдайда да батареялары жәймен отыра бастайды.

1 Кішкене шанышқыны ата-аналар бөлігіне қосып, адапторды қабырғадағы розеткаға
қосыңыз (Cурет 9).

1
Байланысты тексеру үшін, ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігін бір бөлмеге
қойыңыз (Cурет 10).
,
,
,
,
,
62