Philips SCD489 Baby Monitor User Manual


 

1 Түнгі жарықты жағу үшін, нәресте бөлігіндегі түнгі жарық түймесін Q сәл ғана басыңыз.
(Cурет 21)
Q екі көрсеткіште де пайда болады.
2 Түнгі жарықты сөндіру үшін, түнгі жарық түймесін Q тағы бір рет сәл ғана басыңыз.
(Cурет 21)
Түнгі жарық жәймен түнеріп, толығымен сөнеді.
Q екі көрсеткіштен де жойылады.
Есте сақтаңыз: Егер сіз түнгі жарық түймесін Q тым ұзақ басып қалсаңыз, онда түнгі жарық
жанбайды немесе сөнбейді.
Кеңес:Егер сіз нәресте бөлігін батареядан жұмыс жасатып жатқан болсаңыз, онда түнгі
жарықты сөндіріп қойыңыз. Бұл қуатты үнемдейді!

Егер сіз ата аналар бөлігін жоғалтып алсаңыз, және ол сөндірулі тұрған болса, онда сіз нәресте
бөлігіндегі PAGE (пейджер) түймесін қолданып, ата аналар бөлігін тауып алуыңызға болады.
1 Нәресте бөлігіндегі PAGE (пейджер) түймесін сәл ғана басыңыз (Cурет 22)
H екі көрсеткіште де пайда болады.
Ата аналар бөлігі автоматты түрде орташа дауыс деңгейіне орнатылып, пейджинг
ескерту дыбысын шығарады.
2 Пейджинг ескерту дыбысын сөндіру үшін, PAGE (пейджер) түймесін тағы да сәл ғана
басыңыз немесе ата аналар бөлігіндегі кез келген түймені басыңыз. (Cурет 22)
Есте сақтаңыз: Егер сіз PAGE (пейджер) түймесін тым ұзақ басып қалсаңыз, онда ата аналар
бөлігі пейджинг ескерту дыбысын шығармайды.

1 Нәресте бөлігіндегі бесік жыры түймесін K сәл басып, қамтамасыз етілген бес түрлі бесік
жырының бірін таңдаңыз. (Cурет 23)
2 Таңдаған бесік жырын ойнату үшін, ойнату/тоқтату түймесін E сәл ғана басыңыз.
(Cурет 24)
3 Ата аналар бөлігіндегі OK (мақұлдау) түймесін сәл ғана бассаңыз, ойнап жатқан бесік
жырын уақытша тоқтатасыз. Ата аналар бөлігіндегі OK (мақұлдау) түймесін тағы
бассаңыз, бесік жыры жалғасады. (Cурет 25)
Егер сіз 60 секунд аралығында бесік жырын қайта ойнатпасаңыз , онда бесік жыры
қызметі автоматты түрде сөнеді.
4 Бесік жырын тоқтату үшін, ойнату/тоқтату түймесін E тағы да сәл ғана басыңыз.
(Cурет 24)
Есте сақтаңыз: Егер сіз бесік жыры түймесін K тым ұзақ басып тұрсаңыз, сіз ешқандай бесік
жырын таңдай алмайсыз.

Егер ата аналар бөлігіндегі батареялар толығымен зарядталған болса, онда сіз үй ішінде немесе
үй айналасында жүргенде бөлікті өзіңізбен бірге алуыңызға болады. Ол үшін сіз бөлікті белдік
қыстырмасымен белдігіңізге немесе беліңізге қыстырып алыңыз немесе оны мойныңызға
мойын белдігімен айналдырып іліп алуыңызға болады. Бұл сізге қозғалып жүрген кезде де
нәрестеңізді бақылау мүмкіндігін береді.
,
,
,
,
,
,
80