Есте сақтаңыз: 8 сағаттық қызмет уақыты нәресте бөлігі уақыттың тек 25% да ғана
дыбыстарды жеткізіп, ал басқа уақытта ол күту режимінде тұрады деген болжауға
негізделген (нәресте ешқандай жыбыс шығармағанда).
Есте сақтаңыз: Ата аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен зарядталғанда,
олар 8 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді. Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне
тек төрт рет толығымен зарядталып, босатылғанда ғана жетеді.
Есте сақтаңыз: Көрсеткіште батарея белгісі жойылып, ата аналар бөлігі телеметірлік
дыбысын беріп, және LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы жымыңдай бастаса, онда батареялар отыра
бастады деген сөз. Ата аналар бөлігін зарядтау құрылғысына қойыңыз.
Есте сақтаңыз: Егер ата аналар бөлігі зарядтау құрылғысында тұрмаса, онда ата аналар бөлігі
сөндірулі тұрған жағдайда да батареялары жәймен отыра бастайды.
1
Байланысты тексеру үшін, ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігін бір бөлмеге қойыңыз.
(Cурет 10)
Нәресте бөлігі ата аналар бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта болуы тиіс.
2 Қосу/өшіру 3 түймесін 2 секундтай басып, ұстап тұрыңыз. (Cурет 11)
Түнгі жарық жарқ етіп жанып сөнеді.
Көрсеткіш жарқ етіп жанып, сол уақыттағы бөлме температурасын көрсетеді.
O көрсеткіште пайда болып, нәресте бөлігі ата аналар бөлігімен байланыс
орнатуға тырысып жатқанда байланыс жарығы қызыл болып жымыңдай бастайды.
3 Қосу/өшіру 3 түймесін 2 секундтай басып, ұстап тұрыңыз. (Cурет 12)
Дауыс жарығы қызыл сары болып жана бастайды.
Көрсеткіш жанып, онда батарея белгісі мен температура көрсеткіші пайда болады.
Ата аналар бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы сәл қызыл болып жанып тұрып,
артынан, ата аналар бөлігі нәресте бөлігімен байланыс орнатуға тырысып жатқанда
жасыл болып жымыңдай бастайды.
Ата аналар бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы жасыл болып жымыңдап, нәресте
бөлігіндегі LINK (БАЙЛАНЫС) жарығы байланыс толығымен орнағанша қызыл болып
жымыңдап тұрады. Бұл шамамен 30 секундтай уақыт алады. Екі LINK (БАЙЛАНЫС)
жарығы тоқтаусыз жасыл болып жанып, нәресте бөлігіндегі көрсеткіштегі сәлемдеме
O жойылады. (Cурет 13)
4 Нәресте бөлігін өзіңіздің нәрестеңізден ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта
қойыңыз. (Cурет 14)
5 Ата аналар бөлігін нәресте бөлігінің байланыс аймағына қойыңыз. Оның нәресте
бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта екендігін тексеріңіз. (Cурет 15)
Жұмыс жасайтын аймақ жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін, «Жұмыс жасау аймағы»
тармағын қараңыз.
Нәресте бақылаушының қызмет көрсету аймағы ашық ауада 300 метр/900 фут болып келеді.
Қоршаған айналаға және басқа кедергі келтіретін факторларға байланысты, бұл қызмет көрсету
аймағы кішірек болуы мүмкін. Үй ішіндегі қызмет көрсету аймағы 50 метр/150 фут болып
келеді.
,
,
,
,
,
,
,
78