Philips SBC CS0920/00W Baby Monitor User Manual


 
Бұл құрылғы физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдардың (оның
ішінде балалар), тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың қолдануына арналмаған, олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адам оларға жетекшілік етіп, құрылғыны қалай қолдану
керектігін түсіндіруі тиіс.
Балаларды бақылап, олардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
Ашық жерде нәресте мониторы 150 метр/450 фут аралығында жұмыс жасай береді.
Қоршаған орта мен басқа кедергі келтіретін факторларға байланысты жұмыс жасау
аймағының арақашықтығы қысқаруы мүмкін («Құрылғыны қолдану» тарауындағы «Жұмыс
жасау аймағы» бөлімін қараңыз).

Құрылғыны тек 10°C және 40°C температурасы аралығында ғана зарядтауға, қолдануға
және сақтауға болады.
Нәресте және ата-аналар бөлігін қатты суыққа, ыстыққа немесе тікелей күн көзіне
шығармаңыз.
Нәресте бөлігі мен оның сымына нәрестенің қолы жетпейтініне көз жеткізіңіз (кемінде 1
метр/3 фут қашықтықта болуы керек).
Нәресте бөлігін бөпенің төсегіне немесе манежінің ішіне қоймаңыз.
Ата-аналар және нәресте бөліктерін ешқашан еш нәрсемен жаппаңыз (мәселен, сүлгі
немесе көрпеше).
Әрдайым нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігіне қайта зарядталмайтын батареялардың
дұрыс түрін салыңыз.

Бұл нәресте мониторы тек көмекші құрал ретінде ғана жасалған. Ол жауапкершілікті және
орнықты ересек бақылауын алмастыра алмайды, оны бұл мақсатпен қолдануға болмайды.

Бұл Philips AVENT құралы электрoмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға
сәйкес келеді. Егер ол дұрыс және осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес
пайдаланылса, құрал бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге негізделіп қолдануға қауіпсіз болып
келеді.


Нәресте мониторын ток көзіне қосып немесе қайта зарядталмайтын батареялармен
пайдалануға болады. Құрылғыны ток көзіне қосып пайдаланатын болғанның өзінде, оған қайта
зарядталмайтын батареяларды салып қоюға деп кеңес береміз. Бұл ток келмей қалған
жағдайда автоматты түрде қуат көзі қызметін атқарады.

1 Құрал ашасын нәресте бөлігіне, ал адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз (Cурет 2).
Қосылды деген жарық жанады.

Нәресте бөлігі төрт 1,5-вольтті R6 AA батареяларымен (жинақта берілмейді) жұмыс істейді.
Біз сізге міндетті түрде тек Philips LR6 PowerLife батареяларын қолдануға кеңес береміз.
Қайта зарядталатын батареяларды қолданбаңыз, себебі нәресте бөлігінде қайта зарядтау
функциясы жоқ.
Нәресте бөлігін ток көзінен ажыратып, қайта зарядталмайтын батареяларды салар алдында
қолдарыңыз бен құрылғының құрғақ екендігін тексеріңіз.
1 Батарея орнының қақпағындағы бекіту түймесін тйынмен бұрап ашыңыз. Қақпақты алып
тастаңыз (Cурет 3).
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
 51