Philips SBC CS0920/00W Baby Monitor User Manual


 
50

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips AVENT компаниясына қош келдіңіз!
Philips AVENT ұсынатын қолдауды толығымен қолдану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome
сайтында тіркеңіз.
Philips AVENT компаниясының мақсаты ата аналарға қажетті сақтандыруларды қамтамасыз
ететін сенімді күтім көрсету өнімдерін шығару болып табылады. Philips AVENT нәресте
мониторы үйдің ішінде және сыртында болсаңыз да нәрестені естуге мүмкіндік туғызады. Он
алты арналық опциялар нәрестемен тұрақты байланыста болуға мүмкіндік бере отырып, аз
кедергі мен сенімді қабылдауға кепілдік береді.


1 Микрофон
2 Кішкене шанышқыға арналған розетка
3 Қосу/өшіру түймесі
4 Тоққа қосылулы деген жарық
5 Микрофон сезімталдығын бақылау
6 Арна таңдаушы
7 Адаптер
8 Кішкене шанышқы
9 Батарея орнының қақпағы
B 
1 Адаптер
2 Кішкене шанышқы
3 Тоққа қосылулы деген жарық
4 Дауыс зорайтқыш
5 Байланыс жарығы
6 Қосу/өшіру қызметі бар дауыс бақылаушы
7 Байланыс нашарлағанын ескертетін түйме
8 Батарея орнының қақпағы
9 Арна таңдаушы

Құрылғыны қолданар алдында, осы нұсқауды ықыласпен оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдану
үшін сақтап қойыңыз.

Нәресте мониторының ешқандай бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға
болмайды.

Құрылғыны қосар алдында нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігіндегі адаптерлерде
көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
Нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігін ток көзіне қосу үшін жинақта берілген адаптерлерді
ғана қолданыңыз.
Адаптерлерде трансформатор болады. Қауіпті жағдай туғызатындықтан, адаптерлерді
кесіп алып тастап, басқа ашалармен алмастырмаңыз.
Егер адаптерлер бүлінген болса, қауіпті жағдайдың тууына жол бермеу үшін оларды
түпнұсқа түрімен алмастырыңыз. Дұрыс түрін табу үшін «Алмастыру» тармағын қараңыз.
Нәресте мониторын дымқыл немесе суға жақын жерге қоймаңыз.
Электр тогының соғуына жол бермеу үшін батареялар бөлімінен басқа, нәресте бөлігі мен
ата-аналар бөлігінің корпусын ашпаңыз.
-
-
-
-
-
-
-
