Пайдалануға дайындау
Мотор, силикон түтік, қақпақ және адаптер тазалау мен зарарсыздандыруды қажет етпейді,
өйткені олар емшек сүтіне тимейді.
Бірінші рет пайдалану алдында, сүтті сору құралының барлық бөліктерін «Тазалау және
зарарсыздандыру» тарауында сипатталғандай тазалап, зарарсыздандырыңыз. Әрбір қолданыстан
соң, осы бөліктерді тазалап, келесі қолданыстан бұрын барлық бөліктерді зарарсыздандырыңыз.
Сүтті сору құралын құрастыру
Ескертпе. Сүтті сору құралының барлық бөліктерін міндетті түрде тазалап,
зарарсыздандырыңыз. Тазаланған бөліктерді ұстамастан бұрын қолдарыңызды жуыңыз.
Абайлаңыз, тазаланған бөліктер әлі ыстық болуы мүмкін.
Кеңес. Сүтті сору құралы ылғал кезде оны құрастыру оңай болуы мүмкін.
1 Ақ клапанды сүтті сору құралының корпусына астынан салыңыз. Клапанды мүмкіндігінше
ішке қарай итеріңіз (Cурет 2).
2
Сүтті сору құралының корпусын бөтелкеге мықтап бекітілгенше сағат бағытымен бұраңыз
(Cурет 3).
3 Силикон диафрагманы сүтті сору құралының корпусына жоғарыдан салыңыз.
Жақсы байланысты қамтамасыз ету үшін саусақтарыңызбен басу арқылы оның
сақина айналасына мықтап бекітілгенін тексеріңіз (Cурет 4).
4 Массаж жастығын сүтті сору құралының түтік кескінді бөліміне қойыңыз.
Массаж жастығының ішкі бөлігін мүмкіндігінше ішке қарай басып, оның сүтті сору
құралы сақинасының айналасына жақсы орныққанын тексеріңіз. Қалған ауаны шығару
үшін жапырақтар арасын басыңыз (Cурет 5).
Ескертпе. Саууға дайындау кезінде сүтті сору құралын таза ұстау үшін, массаж
жастықшасының үстіне қақпақты қойыңыз.
5 Адаптерді розеткаға қосып, екінші соңын моторға қосыңыз (Cурет 6).
Адаптердің анықтамалық коды жабдықтың төменгі жағында көрсетілген. Жабдықпен бірге тек
көрсетілген адаптерді пайдаланыңыз.
- Батареямен жұмыс істегенде (SCF332 ғана), мотордың төменгі жағын төменде көрсетілген
белгілер (1) бағытында бұрып, алыңыз (2). Батарея бөліміне төрт жаңа 1,5В AA батареясын
(немесе қайта зарядталатын болса, 1,2В). Мотордың төменгі жағын қайтадан бекітіңіз (Cурет 7).
Ескертпе. Жаңа батареялар 3 сағатқа дейін жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Егер мотордың
батареялар бөліміне батареяларды салып, адаптерді жалғасаңыз, сүтті сору құралы қуат
көзінен жұмыс істейді. Батареяларды құрал ішінде зарядтауға болмайды.
6 Диафрагмаға силикон түтік пен қақпақты бекітіңіз. Қақпақты орнына берік отырғанша
төмен басыңыз (Cурет 8).
ҚАЗАҚША62