Philips SCF225 Baby Accessories User Manual


 
5 Жоғарғы себетті толтырып, оны контейнер тоғыншасына орнатыңыз. (Cурет 6)
6 Контейнердің қақпағын жабыңыз. (Cурет 7)
7 Қосу/сөндіру түймесін басыңыз. Қуат қосылды деген жарық жанып, құралдың жұмыс
жасай бастағанын білдіреді. (Cурет 8)
Стерилизация барысы 10 минут созылады. Бұл барыс соңында, құрал автоматты түрде сөніп,
қуат қосылулы деген жарық сөнеді. Құрал міндетті түрде осы 10 минуттық стерилизация
барысын толығымен аяқтауы тиіс.
8 Қақпақты алар алдында, құралды 3 минуттай суытып алыңыз.
9 Қақпақты алып тастаңыз.
Қақпақты алып жатқанда абай болыңыз, ол ыстық болып, құрал ішінен ыстық бу шығаруы
мүмкін.
10 Стерилизациядан өткен заттарды алар алдында, қолыңызды жақсылап жуып алыңыз.
11 Контейнердегі бөтелкелерді және бір немесе екі себеттегі заттарды алыңыз.
Абай болыңыз: стерилизатор ішіндегі ауа және заттар ыстық болуы мүмкін.
12 Құралды қайта қолданар алдында, оны ең кем дегенде 10 минут суытып алыңыз.

Сонымен қатар, стерилизаторды жеміс жидек пен көкөністерді бумен пісіріп, нәрестеңізге
қунақы тағам даярлау үшін қолдануыңызға болады.
1 Суға арналған сыйымдылықта, жеткілікті мөлшерде су барына көзіңізді жеткізіңіз.
2 Төменгі себет пен ортаңғы бағананы алыңыз.
3 Жеміс жидектерді және/немесе көкөністерді табаққа немесе тәрелкеге салыңыз.
4 Табақты немесе тәрелкені контейнерге салыңыз. (Cурет 9)
5 Контейнердің қақпағын жабыңыз. (Cурет 10)
6 Қосу/өшіру түймесін басыңыз. Қуат қосылды деген жарық жанып, құралдың жұмыс
жасай бастағанын білдіреді. (Cурет 8)
Құрал 10 минуттан соң автоматты түрде сөніп, қуат қосылулы деген жарық сөнеді.
7 Қақпақты алар алдында, құралды 3 минуттай суытып алыңыз.
8 Табақты немесе тәрелкені контейнерден алыңыз.
Абай болыңыз, контейнерден біраз бу шығуы мүмкін.
9 Жеміс жидектерді және/немесе көкөністердің дұрыс піскендігін тексеріңіз. Егер тағам
дұрыс піспеген болса, құралға тағы 90 мл. су құйып, оны қосымша 10 минут жұмыс
жасатыңыз.
10 Тамақтың температурасын, балаңызға тамақ берер алдында қолыңыздың ішкі жағына
тамызып оның қатты ыстық еместігін тексеріңіз.

Қырнағыш, күшті тазалағыш затарды (мысалы ағартушы), бактерияларға қарсы қоспаларды,
майды немесе басқа химиялық заттарды стерилизаторды тазалау үшін қолданбаңыз.
1 Стерилизаторы тазалар алдында, оны тоқтан суырып, суытыңыз.
2 Бөлек алынатын бөлшектерді, құралдың негізінен басқа, ыдыс жуғышта немесе жылы
суда тазалағыш сұйықтықпен жуыңыз.
 33