Philips SCF225 Baby Accessories User Manual


 
Тек қайнатуға болатын нәресте бөтелкелерін ғана қолданыңыз.
Құралды тек 10°C және 35°C температурасы аралығында ғана зарядтауға, қолдануға
және сақтауға болады.
Құралды қолданып болғаннан соң, оның ішінде қалған суды әрдайым төгіп отырыңыз.
Балаңызға тамақты беретіннің алдында, оның температурасын қолыңыздың ішкі жағына
тамызып, қатты ыстық еместігін тексеріп алыңыз.
Бұл стерилизатор клиникалық стандарттар бойынша стерилизацияламайды.
Құралды қолданып болғаннан соң, оны әрдайым өшіріп отырыңыз.
Құралды қолданып жатқанда, оның үстіне ешқандай заттарды қоймаңыз.

Бұл құрал электрондық сөндіру қызметімен қамтамасыз етілген, ол стреилизация барысы
аяқталғанына 10 минут болғанда, құралды автоматты түрде сөндіріп тастайды.

1
Бөлек бөлшектерін тазалаңыз («Тазалау» тармаған қараңыз).
2 Сым ұзындығын, өзіңізге керек ұзындығын ғана алып, қалғанын құралдың астыңғы
жағындағы ұстағышты айналдыра орап қоюыңызға болады.
3 Шанышқыны қабырғадағы розеткаға қосыңыз.


1 Контейнерді негізінен алыңыз
2 Өлшегіш ыдысқа керекті мөлшермен су құйыңыз (90 мл.).
Кеуіп кеткеше қайнаудан сақ болу үшін, құралға 90 мл.ден аз су құймаңыз.
3 Суды суға арналған сыйымдылыққа құйыңыз (қыздырушы элементінің үстінен).
(Cурет 2)
4 Контейнерді негізге қойыңыз. (Cурет 3)


1 Стерилизациялайтын заттардың барлығын тазалаңыз.
2 Суға арналған сыйымдылықта жеткілікті мөлшерде су бар екендігін тексеріңіз
(«Қолдануға дайындық» тармағын қараңыз).
3 Бөтелкелерді контейнер ішіндегі бағаналарға төңкеріп қойыңыз. (Cурет 4)
Ортасындағы бөтелкені ортадағы бағанаға кигізіп қоюыңызға немесе оған кигізбестен жәй
ғана ортаға қоюыңызға болады.
Контейнерге 9 үлкен бөтелкелер немесе 6 кең мойынды бөтелкелер сияды.
Ортадағы бағананы, бұрауыш сақинасын кигізу үшін қолдануға болады. Егер сіз ортадағы
бағанаға бұрауыш сақинаны кигізсеңіз, онда сіз 8 үлкен бөтелкелер немесе 6 кең мойынды
бөтелкелерді стерилизациялай аласыз.
4 Төменгі себетті толтырып, оны ортаңғы бағана үстіне қойыңыз. (Cурет 5)
Осы тәсіл, егер сіз контейнерге кішкене бөтелкелер салған болсаңыз ғана мүмкін болады. Егер
сіз контейнерге үлкен бөтелкелер салған болсаңыз, онда төменгі себетті қолдануға болмайды.
Контейнерге салынған заттар қыздыру элементіне тиіп тұрмау керек.
,
,
,
,
,
,
,
-
-
-
32