Philips 9VD200 Baby Monitor User Manual


 

Егер көмек не ақпарат алғыңыз келсе немесе сізде шешілмеген мәселе болса, www.philips.

мекенжайы бойынша Philips AVENT веб-сайтына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips
тұтынушылар орталығына телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді дүние жүзі бойынша берілетін
кепілдік кітапшасынан алуға болады). Еліңізде тұтынушылар орталығы болмаса, жергілікті Philips
дилеріне хабарласыңыз.

Бұл тармақта құрал туралы жиі қойылатын сұрақтар тізімі берілген. Егер сіз өз сұрағыңызға
жауапты таппасаңыз, еліңіздегі Тұтынушылар Қызмет Орталығымен байланысыңыз.
Сұрақ Жауап
Неліктен қуатқа
қосылулы деген
жарық жанбайды?
Мүмкін құрылғы ашасы құрылғының ұясына дұрыс кіргізілмеген болар
немесе адаптер қабырғадағы розеткаға дұрыс қосылмаған болар.
Сондай-ақ, сіз құрылғыларды қосуды ұмытып кеткен боларсыз.
Нәресте бөлігіндегі қосу/өшіру түймесін басып, құрылғыларды қосу
үшін ата-аналар бөлігіндегі дыбыс деңгейі тұтқасын бұраңыз.
Егер сіз құрылғыларды батареялармен қоссаңыз, батареялардың
заряды азаюы мүмкін. Мұндай жағдайда батареяларды ауыстырыңыз.
Неліктен құрылғыны
қосу шамы қызыл
болып жанады?
Сіз құрылғыларды батареялармен жұмыс жасатып жатырсыз,
сондықтан батареялардың заряды азайған. Батареяларды
ауыстырыңыз.
Неліктен ата-аналар
бөлігі қатты шуыл
шығарады?
Құрылғылар бір-біріне тым жақын орналасқан. Ата-аналар бөлігін
нәресте бөлігінен кемінде 1 метр/3 фут қашық қойыңыз. Егер бұл
көмектеспесе, онда дыбыс деңгейі тым жоғары. Дыбыс деңгейін
төмен деңгейге қойыңыз.
Неліктен ата-аналар
бөлігінен ешқандай
дыбыс шықпайды?
Дауыс деңгейі жеткілікті жоғары деңгейде екендігін тексеріңіз. Егер
дауыс деңгейі тым төмен болса, онда оны жоғарырақ деңгейге
қойыңыз. Сонымен бірге нәресте бөлігіндегі микрофон
сезімталдығын тексеріңіз.
Неліктен байланыс
шамы қызыл болып
жыпылықтайды?
Байланыс болмағандықтан, ол қызыл болып жыпылықтайды. Ата-
аналар бөлігінің нәресте бөлігінің ауқымынан тыс болуы мүмкін
немесе нәресте бөлігінен басқа арнаға қойылуы мүмкін. Ата-аналар
бөлігі мен нәресте бөлігінің бір арнаға қойылғанын тексеріңіз. Егер
қойылса, ата-аналар бөлігін басқа жерге, нәресте бөлігіне жақынырақ
қойыңыз.
Неліктен ата аналар
бөлігі телеметрлік
дыбысын шығарады?
Сіз байланыс дабылын естіп тұрсыз. Ол нәресте және ата-аналар
бөліктерінің арасында байланыстың жоқтығын көрсетеді. Ата-аналар
бөлігінің нәресте бөлігінің ауқымынан тыс болуы мүмкін немесе
нәресте бөлігінен басқа арнаға қойылуы мүмкін. Ата-аналар бөлігі
мен нәресте бөлігінің бір арнаға қойылғанын тексеріңіз. Егер қойылса,
ата-аналар бөлігін басқа жерге, нәресте бөлігіне жақынырақ қойыңыз.
Неліктен ата аналар
бөлігі нәресте
дыбыстарын тым жәй
сезінеді?
Нәресте бөлігіндегі микрофон сезімталдығын жоғарырақ деңгейге
орнатыңыз немесе/және нәресте бөлігін нәрестеге жақынырақ
қойыңыз. Нәресте бөлігі нәрестеден ең кем дегенде 1 метр/3 фут
қашықтықта болуы тиіс.
56