Philips AVENT SCD498 Baby Monitor User Manual


 
1 Батарея орнын алақаныңызбен солға қарай бұраңыз (Á АШУ). (Cурет 3)
2 Қақпақты алып тастаңыз.
3 Төрт 1.5V R6 AA батареяларын салыңыз (Cурет 4).
Екі батареяны бір бірінің үстіне орнатыңыз, және де батареялардың + мен –
полюстары дұрыс бағытта тұрғандығын тексеріңіз.
4 Батарея орнының қақпағын орнына қойып, алақаныңызбен оңға бұрап, жабыңыз
(ЖАБУ ª). (Cурет 5)
Есте сақтаңыз: Батареялары таусыла бастағанда, нәресте бөлігіндегі батарея тексеру
жарығы ( T) қызыл болып жанады.


Ата-аналар бөлігі қосымша қамтамасыз етілген қайта зарядталатын екі 1.2-вольтті AAA NiMh
батареяларынан жұмыс жасайды.
Батареяларды салып жатқанда, қолдарыңыз бен құрал құрғақ болуы тиіс.
1 Батареялар қақпағын төмен қарай сырғытып ашыңыз (Cурет 6).
2 Екі қайта зарядталатын батаеряларды салыңыз (Cурет 7).
Батарелардың + және – жақтары керекті бағытта екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
3 Батареялар қақпағын ата аналар бөлігінің артқы жағына қайтадан өз орнына түсіп
бекітілгенше сырғытыңыз («сырт» ете түседі) (Cурет 8).
4 Зарядтау құрылғысының адапторын қабырғадағы розеткаға қосып, ата аналар бөлігін
зарядтау құрылғысына қойыңыз. (Cурет 9)
Зарядтаушыдағы ҚУАТ жарығы жанады.
5 Ата аналар бөлігін батареялары толығымен зарядталғанша зарядтау құрылғысында
қалдырыңыз.



Әдетте зарядтау 8 сағат алады. Алайда, егер ата-аналар бөлігі зарядталып жатқанда
қосулы болса, онда ол уақыт ұзағырақ болады. Егер сіз зарядтау уақытын мүмкіндігінше
қысқа еткіңіз келсе, онда ата-аналар бөлігін зарядтап жатқанда сөндіріп қойыңыз.
Зарядтаушыдағы ҚУАТ жарығы тіпті батареялар толық зарядталғанда да жанып тұрады.
Батареялар толығымен зарядталғанда, ата-аналар бөлігін тоқ сымысыз кем дегенде
24 сағат бойы қолдануға болады.
Есте сақтаңыз: 24 сағаттық қызмет уақыты нәресте бөлігі уақыттың тек 25%-те ғана
дыбыстарды жеткізіп, ал басқа уақытта ол күту режимінде тұрады деген болжауға
негізделген (нәресте ешқандай дыбыс шығармағанда).
Есте сақтаңыз: Ата-аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен зарядталғанда,
олар 24 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді. Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне
тек төрт рет толығымен зарядталып, босатылғанда ғана жетеді.
Есте сақтаңыз: Батареялары таусыла бастағанда, батареяларды тексеру жарығы (
T)
қызыл болып жымыңдайды. Ата-аналар бөлігін зарядтау құрылғысына қойыңыз.
Есте сақтаңыз: Егер ата аналар бөлігі зарядтау құрылғысында тұрмаса, онда ата аналар бөлігі
сөндірулі тұрған жағдайда да батареялары жәймен отыра бастайды.
,
,
,
,
,
,
,
 63